Владимир Муханов: Қарасаң көз тоймайтын голдар соғылған күн болды

Владимир Муханов: Қарасаң көз тоймайтын голдар соғылған күн болды
news-banner7
mobile-news-top

«Ақтөбе» командасының бас бапкері Владимир Муханов «Атыраумен» өткен ойынға пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

- Ойын біздің жанкүйерлерге ұнады деген ойдамын. Матч өте қарқынды басталды, сонысымен бізді таңғалдырды. Себебі «Атырау» сырт алаңда көбіне қорғаныс арқылы ойнайтын еді. Бірақ бүгін олар ашық футбол ойнаймыз деп шешкен екен. Әрине, кейбір ойын сәттерінде бізге қиын болды. Олар бірінші тайм бойы бізді алаңның әрбір бөлігінде тықсырып бақты. Біз қарсыластың қысымына қарамастан, бірінші болып гол соқтық. Ал екінші таймда біз олардың қателіктерін ұтымды пайдалана білдік. Қай голды алып қарасаң да көз тоймайды. Бүгінгі жеңіске ешкімнің де күмәні қалмасы анық. Ойыннан соң облыс әкімі өзі келіп құттықтады. Бәріміз ризамыз.

- Алаңда Марьянович көрінбеді. Оның жағдайы қалай?

- Марьянович жарақат алып қалған болатын. Соншалықты ауыр жарақат емес деп үміттенеміз. Тәуекелге бармай, оны алаңға шығарған жоқпыз. Келесі турда Симчевич ойнайды, Морис те жарақатынан айығып келе жатыр. Иә, әрине, құрамды күшейткіміз келетіні рас, әсіресе ортаңғы шепті. Бірақ белгілі себептерге байланысты біз құрамымызды күшейте алмайтын секілдіміз. Бірақ үмітсіз – шайтан дегендей, үмітімізді үзбейміз.

- Қарсыластың бірінші нөмірмен ойнайтындығына «Ақтөбе» келісті ме? Әлде бапкерлік штаб бұндайды күтпеді ме? Әлде қарсыласқа допты беріп қою турады нұсқау болды ма?

- Жоқ, әрине ондай нұсқау болған жоқ. Біз оларды қорғаныс арқылы ойнайды деп ойлаған едік. Бірақ олардың құрамын көріп, біз олардың шабуылға көп иек артатынын түсіндік. Бағымызға орай, біз қысымнан шыға білдік. Өрескел қателік жасамадық. Олар бірінші таймда аса көп қауіп төндіре алмады, екінші таймда жақсы мүмкіндіктері болды. Алайда ол мүмкіндіктер біз өзімізге тиімді ойын есебіне қол жеткізген соң барып туындай бастады. Бірақ біздің ұйымдастырған шабуылдарымыз көбірек болды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер