Әлем футболы

Бельгия құрамасы 16 гол соқты: Теледидар сатқан дүкен иесі клиенттердің ақшасын қайтаруға мәжбүр

Бельгия құрамасы 16 гол соқты: Теледидар сатқан дүкен иесі клиенттердің ақшасын қайтаруға мәжбүр
news-banner7
mobile-news-top

Бельгиялық Krefel электронды техника дүкені клиенттеріне сатып алынған теледидарлардың ақшасын қайтарады. Осылайша дүкен әлем чемпионаты басталмас бұрын жанкүйерлерге берген уәдесін орындамақ. Мекеме бельгиялық құрама 15-тен аса гол соққан жағдайда, теледидарға кеткен ақшаны қайтаруға сөз берген.

Бұл туралы хабарлама Twitter-де пайда болды.

«Біз мұны жасадық! Біздің сайтандар Ресейдегі әлем чемпионатында 15-тен аса гол соқты. Бұл дегеніңіз, біз теледидар сатып алған мыңдаған клиентке ақшасын қайтарамыз”, — делінген хабарламада.

Дүкен акция жайлы мамыр айының ортасында хабарлаған болатын. Сатып алушылар кемі 55 дюймді теледидар сатып алуы тиіс-тін.

Айта кетейік, Бельгия құрамасы 14 шілде күні Англиямен кездесіп, үшінші орынды сарапқа салды. Ойынға дейін бельгиялықтардың қоржынында 14 гол бар болатын. Олар ағылшындарды 2:0 есебімен жеңіп, қола медальға ие болды.

Түпнұсқасы: stan.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер