Басқа

Қазақстан каратэшілері Азия чемпионатынан үш қола жеңіп алды

Қазақстан каратэшілері Азия чемпионатынан үш қола жеңіп алды
news-banner7
mobile-news-top

Иордания астанасы Амманда каратэден (WKF) Азия чемпионаты аяқталды. Құрлық додасында қазақстандық каратэшілер үш медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты Ұлттық Олимпиада Комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстандық спортшылар Азия чемпионатында үш қола медал жеңіп алды. Атап айтар болсақ, қыздар арасында 55 келіге дейінгі салмақта Аружан Мұхтар үздік үштіктен көрінді.

Ерлер арасында 55 келіге дейінгі салмақта Дәулет Шымырбеков, 67 келіге дейінгі салмақта Асылбек Мұратов қола медаль иегерлері атанды.

Еске сала кетейік, Аммандағы Азия чемпионатының Қазақстанның екінші нөмірлі спортшылары қатысқан болатын. Каратэден негізгі құрам Азия ойындарына дайындалып жатыр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер