Әлем футболы

Франция – Хорватия. Күтпеген финал

Франция – Хорватия. Күтпеген финал
news-banner7
mobile-news-top

Бүгін бүкіл әлем көз тіккен Ресейдегі футбол тойы мәресіне жетеді. Ақтық ойында Еуропаның қос алыбы - Франция мен Хорватия құрамалары кездеспек. Осындай тамаша финалдың алдында құрамалардың әлем біріншілігіндегі тарихына көз жүгіртіп өтсек.

Хорватия

1991 жылы Югославияның құрамынан бөлініп тәуелсіздігін алған Хорватия алғашқы әлем чемпионатына, бір қызығы, Францияға келді. Міне, арада тура жиырма жыл өткенде Хорватия мен сол кездегі жарыс қожайындары финалда жолығады. 1998 жылы Н тобында Аргентинадан соң екінші орынға табан тіреп, плей-оффқа өткен хорваттар Румыниядан айласын асырған. Ширек финалда Германияның қақпасына жауапсыз үш гол соғып, тас-талқанын шығарады. Дегенмен, келесі кезеңде алаң қожайындарынан 2:1 есебімен ұтылып, 3-ші орынға таласуға мүмкіндік алады. Нидерланд құрамасын ұтып, хорваттар алғашқы әлем біріншілігінде тарихындағы ең жоғары нәтижесін көрсетті.

Әлем чемпионаты - 1998. Хорватия құрамасы үшінші орынды тойлау үстінде

Әлем чемпионаты - 1998. Хорватия құрамасы үшінші орынды тойлау үстінде

Хорватия құрамасының қалған мундиальда жолы болмады. 2002 және 2006 жылғы әлем чемпионаттарында өз топтарында үшінші орын алып, плей-оффқа өте алмаса, Африка құрлығында өткен 2010 жылғы мундиальге іріктеу сынын бағындыра алмаған. 2014 жылғы Бразилиядағы әлем чемпионатында хорваттар тағы да тобында үшінші орынға табан тіреді.

Биылғы мундиальда Хорватия құрамасын финалдан ешкім күтпесе керек. Дегенмен, футбол мамандары хорваттардың әлсіз еместігін, фавориттерге тойтарыс бере алатынын айтқан болатын. Кім не деседе, Хорватия Ресейдегі мундиальда тарихқа аттарын алтын әріппен жазып қойды. Тарихында тұңғыш рет финалға шыққан хорваттар бүгін чемпиондық тәж жолында ештеңеден аянбасы анық.

Франция

Тарихы сонау 1930 жылдан бері бастау алатын француздардың әлемде миллиондаған жанкүйерлері бар. Соңғы уақытта сүреңсіз өнер көрсетіп жүрген Франция биыл басты фавориттердің қатарында болды. Себебі құрамында жас мен тәжірибені жарастығы көрініп тұратын еді. Оның үстіне, француздар тарихтан қай жарысқа бармасын көшбасшылардың бірі болған.

Әлем чемпионаты - 1998. Франция құрамасы әлем чемпионы атанды

Әлем чемпионаты - 1998. Франция құрамасы әлем чемпионы атанды

Бұған дейін әлем чемпионаты 20 мәрте өтсе, француздар оның 14-ні қатысқан. Екі мундиальда ақтық сынға дейін жетіп, біреуінде жеңіске жеткен. Сондай-ақ, екі мәрте қола жүлдегер атанған. 1998 жылы Франция жерінде өткен турнирде жарыс қожайындары қарсылас шақ келтірмей, чемпиондық кубокты көтерген болатын. Ал 2006 жылғы чемпионат әлем халқына Зиданның әрекетімен есте қалды. Қарсыласының кеудесінен баспен ұрған француз финалда алаңнан қуылған, артынша Франция құрамасы пенальти сериясында Италияға есе жіберді.

Н2Н

Қос құрама Еуропада өнер көрсетсе де өзара көп кездесе қоймаған. Бар болғаны 5 ойын. 3 кездесуде француздар жеңсе, екі матч тең аяқталған. Оның тек біреуі әлем чемпионаты аясында өткен 1998 жылы Франция жерінде өткен мундиальда жарыс қожайындары жартылай финалда хорваттарды жеңіп, үйіне қайтарған. Тағы айта кетерлігі, 2004 жылы өткен Еуропа чемпионатында екі құрама 2:2 есебімен тең түскен. Қалған үш ойын жолдастық матч болған екен.

Әлем чемпионат - 1998. Жартылай финал. Франция - Хорватия 2:1

Әлем чемпионат - 1998. Жартылай финал. Франция - Хорватия 2:1

Француздар сөзсіз Хорватия футболшыларына қарағанда әлем біріншілігінде тәжірибесі мол. Оның үстіне финалда екі мәрте өнер көрсеткен. Бірақ кімнің чемпион болатынын бүгінгі ойын шешетін болады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер