Дзюдо

Ғұсман Қырғызбаев дзюдодан Еуропа Кубогының күміс жүлдегері атанды

Ғұсман Қырғызбаев дзюдодан Еуропа Кубогының күміс жүлдегері атанды
news-banner7
mobile-news-top

Бүгін Германияның Саарбрюккен қаласында ерлер мен әйелдер арасында дзюдодан Еуропа Кубогы басталды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Дзюдо федерациясы баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жарыстың бірінші күнінде 66 келіде бақ сынаған қазақстандық дзюдошы Ғұсман Қырғызбаев күміс жүлдеге ие болды.

Іріктеу кезеңінен іркілмей шыққан отандасымыз жартылай финалда француз балуаны Кевин Аземаны жеңіп, финалға жолдама алған болатын. Алайда, финалда грузиялық Торник Нагиашвилиге есе жіберген Ғұсман Қырғызбаев ел қоржынына жарыстың алғашқы күміс жүлдесін салды.

Естеріңізге сала кетсек, Саарбрюккенде дзюдодан Еуропа Кубогы өтіп жатыр. Тартысты додаға 26 елден 387 дзюдошыы қатысып жатыр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер