Бокс

Головкин: Мен жұдырықтасуға әрқашан дайынмын!

news-banner7
mobile-news-top

Отандық боксшы Геннадий Головкин «Канеломен» болатын рематчтан кейінгі жоспарларымен бөлісті деп хабарлайды. Бұл туралы Nur.kz жазды.

GGG алдағы жоспарында жеңіліп көрмеген американдық боксшы Джармелло Чарломен жекпе-жек өткізіп, өзінің WBC белбеуін қорғау көздеп отыр. Чарло қоржынында 27 жеңісі бар спортшы.

«Чемпион ретінде мен жұдырықтасуға әркез дайынмын. Мен жекпе-жектерден қашпаймын, керісінше келіссөз жүргізуге әрқашан ашықпын», - деді Головкин.

Алайда, отандық боксшы Билли Джо Сондерспен жұдырықтасуды маңыздырақ санайтынын айтты. Британиялық спортшы WBO белбеуінің иегері болып табылады.

Геннадий Головкин барлық белбеулерді жеңіп алуды өзіне мақсат етіп отыр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер