Бекжан Әбдрахман: Қазір маған ойын тәжірибесі ауадай қажет

Бекжан Әбдрахман: Қазір маған ойын тәжірибесі ауадай қажет
news-banner7
mobile-news-top

Премьер-Лиганың жолдамасын жеңіп алу жолында Бірінші Лигада қарсылас шақ келтірмей келе жатқан «Қыран» шабуыл шебін күшейте түсті. Осы маусымның басында «Ордабасы» клубының сапын толықтырған Бекжан Әбдрахман мансабын енді «Қыранда» жалғастырмақ.

- Бүгін ресми «Қыран» клубының ойыншысы атандым. Осы маусымның соңына дейін келісімшарт жасастық.

- Осы маусымды «Ордабасы» командасының сапында бастап едіңіз. Шымкенттік командадан кетуге не себеп болды?

- Ойын тәжірибесі аз болды. Дәл қазіргі уақытта маған тәжірибе ауадай қажет. Сол себепті командадан кетуді ұйғардым.

- Соңғы екі жылды Премьер-Лигада өткіздіңіз. Біраз тәжірибе жинақтап қалдыңыз. «Ордабасыда» негізгі құрамның ойыншысы атануға не кедергі болды деп ойлайсыз?

- Не кедергі болғаны құпия болып қала берсін. Мен өз күшіме сенемін. Келесі жылы Премьер-Лигаға қайта ораламын деп ойлаймын.

Ðекжан ÐбдÑаÑман: «РколлекÑиве ÑобÑÐ°Ð½Ñ Ð¾ÑлиÑнÑе и дÑÑжнÑе ÑебÑÑа».

- «Ордабасыдан» кеткеннен соң «Қыран» бірден ұсыныс жасады ма? Әлде басқа командалардан да ұсыныстар болды ма?

- Ойнамай, көзге түспеген соң ешқандай да ұсыныстар болған жоқ. Тек «Қыран» трансферлік кезең ашылғанда шақырды. «Қыранның» бас бапкері Ғалымжан Төлегенов мені кішкентаймның тәрбиелеп, футбол дәрісін өткізген. Сол кісі менің «Қыранға» келгенімді қалады. Ғалымжан Төлегеновтің қол астында 2016 жылы ОРДАБЖМ (СДЮШОР) №7 командасы сапында 27 гол соғып, Екінші Лиганың үздік сұрмергені атанған болатынмын. Осыдан кейін «Атырауға» ауысқан едім. Міне, енді тағы да соған ұқсас жағдай болып тұр. Клуб басшылығы мен бапкерлердің маған артқан үміттерін ақтап, «Қыранның» Премьер-Лигаға шығуына бар күшімді саламын.

- Қазір «Қыран» Бірінші Лигада көш бастап тұр. Келер жылы Премьер-Лигаға оралуға барлық мүмкіндіктері бар. Егер Премьер-Лигаға оралған жағдайда мансабыңызды осы «Қыран» жалғастыра бересіз бе?

- Дәл қазір маған келер жыл емес, осы маусым маңыздырақ. Егер Премьер-Лигаға шығып, ұсыныс жасаса қаламын.

- Георги Дерменджиев пен Кахабер Цхададзенің қол астында жаттығып үлгердіңіз. Екі бапкерден қандай айырмашылық көрдіңіз?

- Кахабер Цхададзе шабуылды жақсы көреді, ал Георги Дерменджиев болса тактикаға көп көңіл бөледі.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер