Педро Энрике - «Астананың» ойыншысы атанды

Педро Энрике - «Астананың» ойыншысы атанды
news-banner7
mobile-news-top

Бразилиялық жартылай қорғаушы Педро Энрике «Астана» командасымен келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Осыған дейін хабарлағанымыздай, Педро Энрике «Астана» сапында жалда ойнайтын болады. 28 жастағы футболшы негізі грекиялық «ПАОК» командасына тиесілі. Соңғы маусымды «Карабах» сапында жалда өткізіп, Әзірбайжан чемпионатында жеңіске жетіп, Чемпиондар Лигасының топтық кезеңінде өнер көрсеткен.

Кәрі құрлықтың басты додасының топтық кезеңі аясындағы ойындарда Педро италиялық «Рома» қақпасына гол соққан.

Шабуылдаушы жартылай қорғаушы бірнеше бразилиялық командаларда доп тепкен. Соның ішінде танымалы, «Гремио» командасының түлегі. Одан бөлек, француздың «Ренн» (Франция), «Цюрих» (Швейцария) және грекиялық ПАОК сапында Еуропа Лигасының топтық кезеңінде ойнаған.

Педро Энрикенің жеке қоржынында Әзірбайжан чемпиондығынан бөлек, Грекия және Щвейцария Кубоктарының алтын жүлделері бар.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер