«Астана» – «Шахтер»: Елордалықтардың қарымта қайтаратын кезі келді

«Астана» – «Шахтер»: Елордалықтардың қарымта қайтаратын кезі келді
news-banner7
mobile-news-top

«Астана» Президенттік кәсіпқой спорт клубының құрамына кіретін «Астана» футбол клубы ертең Қазақстан Премьер-лигасының 18-ші туры аясында Қарағандының «Шахтерін» қабылдайды.

Ойын елордамыздың «Астана Арена» стадионында сағат 20:00-де басталады. Ал енді қос команданың өзара текетіресіне тоқталайық. Алдымен биылғы кездесуі туралы айтқанымыз дұрыс шығар. «Астана» ел чемпионатының 8-ші турына дейін жеңілістің не екенін білмей келген болатын. Алайда, Қарағандыға қонаққа барған сол кездегі бас бапкер Григорий Бабаянның шәкірттері «кеншілерден» 0:1 есебімен жеңіліп қалған еді. Яғни, ертең «Астанаға» сол жеңіліс үшін қарымта қайтарудың сәті түсіп тұр.

Жалпы, қос команда бүгінге дейін өзара 33 рет кездескен екен. Соның 19-ы елордалықтардың жеңісімен аяқталса, 11-і қарағандылықтардың пайдасына шешілген. Бір қызығы, командалар арасындағы өзара ойындарда үш-ақ рет тең есеп тіркеліпті. Сондықтан, ертеңгі кездесуде де бір жеңімпаздың болатыны анық.

Ал «Астана» сапында бұл ойында қайта Джуниор Кабананга алаңға шығуы мүмкін. Кеше ғана командаға қосылған конголық шабуылшы Қазақстанға оралғанына қуанышты екенін жасырмады. Сондай-ақ, жанкүйерлер клубтың жаңа ойыншылары серби Антонио Рукавина мен Әзірбайжан ұлттық құрамасының бразилиялық ойыншысы Ричард Алмейданы да алаңнан көруі мүмкін. Сондықтан, жанкүйерлер үшін «Астана» әдемі ойын сыйлайды деп сенеміз.

Түпнұсқасы: presidential-club.com Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер