Бокс

Головкин - «Канело» айқасының PPV қандай болуы мүмкін

Головкин - «Канело» айқасының PPV қандай болуы мүмкін
news-banner7
mobile-news-top

ESPN телеарнасының тілшісі Дэн Рафаэль өзінің чатында Геннадий Головкин (38-0-1, 34 КО) - Сауль Альварес (49-1-2, 34 КО) арасындағы рематчтың PPV-сатылымдары туралы айтты.

«Бірінші жекпе-жек үшін PPV 1,3 миллион доллар. Бұл аз. Мүмкін екіншіні 2 миллионға жеткізу керек шығар. Алайда рематч 2 миллионға жете қоймас. Ол тек 1,5 миллион шамасында болады», - дейді ол.

Еске сала кетейік, Головкин мен Альварес T-Mobile аренасында кездеседі. Қазақстандық боксшыға реванштан шамамен 40 миллион доллардан астам қаражат түсуі мүмкін. Де Ла Хойяның айтуынша, Головкинмен бір мәмілеге келу үшін жетпей тұрған соманы қалтасынан бөлуіне тура келген.

Түпнұсқасы: inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер