«Қайсар» еурокубокта сынға түсіп жатқан клубтарға қолдау көрсетті

«Қайсар» еурокубокта сынға түсіп жатқан клубтарға қолдау көрсетті
news-banner7
mobile-news-top
Қызылорда облыстық футбол федерациясы, «Қайсар» командасының ойыншылары, жаттықтырушылар штабы, клуб жетекшілері мен қызметкерлері Қазақстан футбол федерациясы мен Қазақстан Кәсіпқой футбол лигасының бастамасын қолдап, бұқаралық шараға қатысты, деп хабарлайды Prosports.kz ҚФФ ресми сайтына сілтеме жасап.

«Қайсар» футбол клубы эстафетаны қарағандылық «Шахтердан» алды. Қызылорда қаласындағы «Локомотив» стадионында президенттік жүгіруге қатысу үшін 50-ге тарта адам жиналды. Бұқаралық шараға қатысуға ниет білдіргендердің арасында негізгі және жастар командасының ойыншылары мен жаттықтырушылары, әкімшілік қызметкерлері болды. Мақсат – Астананың 20 жылдығымен құттықтау және отандық командаларды еурокубок маусымында қолдау.

Шараны облыстық футбол федерациясының президенті Қайрат Ерназаров ашып, мәреден кейін «Қайсар» футбол клубының директоры Серік Досманбетов сөз сөйледі.

«Қайсар» футбол клубы эстафетаны «Ақжайық» футбол клубына табыстады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер