«Құпия» ақпарат

Иван Нагаевтың «Ордабасыдан» не үшін кеткені белгілі

Иван Нагаевтың «Ордабасыдан» не үшін кеткені белгілі
news-banner7
mobile-news-top

Шымкенттік «Ордабасының» шабуылшысы Иван Нагаев командадан не себепті кеткені белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

29 жастағы шабуылшы шымкенттік клубпен келісімшартын бұзған. Әзірге бұл жайлы ресми хабарланған жоқ.

Prosports.kz тілшісіне белгілі болғандай, өзбекстандық ойыншы жалақысын ала алмай жүр. Клубта туындаған қаржылық қиындықтарға байланысты біраз футболшылар көптен бері айлықтарын алмаған. Иван Нагаев «Ордабасымен» келісімшартын бұзған. Әзірге өзбек футболшысының мансабын қайда жалғастыратыны белгісіз.

Айта кетейік,Иван Нагаев осы маусымның басында өзбекстандық «Бухарадан» «Ордабасыға» ауысқан. Қазақстандық команданың сапында 12 ойынға қатысып, 2 мәрте көзге түскен.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер