Футбол деген бір ғажап!
Әлем футболы

Бельгия - Англия: Қола жүлде үшін емес «Алтын бутса» үшін тартыс

Бельгия - Англия: Қола жүлде үшін емес «Алтын бутса» үшін тартыс
news-banner7
mobile-news-top

Ресей жерінде өтіп жатқан Әлем чемпионатының қола жүлдесіне Бельгия мен Англия құрамалары таласады, матч «Санкт-Петербу́рг» стадионында өтеді, деп жазады prosports.kz.

Жарты әлемнің жанарын жаулаған жаһандық доданың шымылдығы жабылар сәт жақын. Биыл жартылай финалға тек еуропалық құрамалар шықты. Ақтық сынға жолдама алу үшін Франция футболшылары Бельгия құрамасын жеңді. Ал Хорватия құрамасы Англиядан айласын асырды.

3-ші орын үшін тартыс:

Бельгия - Англия (Астана уақыты 20:00). Жеңіске жету мүмкіндігі: 55%-45%

Қос құраманың кездесуі Англия Премьер лигасының Әлем чемпионатындағы көшірмесі іспетті. Олай дейтініміз Англия құрамасының барлық ойыншылары, Бельгияның басым көп ойыншылары АПЛ-дан келген.

âbelgium englandâçå¾çæç´¢ç»æ

Бірақ, бұл екі құрама осы кезекті Әлем біріншілігінде екі мәрте кездессе де, жолдары тартысты кездесуде түйіспей-ақ қойды. G тобындағы соңғы ойында кездесті. Бірақ, ол кезде екеуі де плей-офф кезеңіне жолдама алып қойғандықтан, негізгі құрам ойыншыларына демалыс беріп, жолдастық кездесу деңгейінде матч өткізді. Ол ойында 1:0 есебімен Бельгия жеңді.

Ал бұл жолы да аса қызу таласқа түсуді қажет етпейтін үшінші орын үшін таласқалы отыр. Негізі бұл матчты қола жүлде үшін тартыс дегеннен алтын бутса үшін тартыс деген әлдеқайда шындыққа жақын болуы мүмкін. Себебі, алты гол соққан англиялық Хари Кеин мен төрт гол соққан бельгиялық Лукаку Әлем чемпионатының үздік сұрмергені атағынан басты үміткер.

Десе де, бұл матчтың маңыздылығы да жоқ емес.

Егер Бельгия құрамасы жеңіске жетсе Әлем чемпионатындағы ең үздік нәтижесіне қол жеткізеді. Олардың бұған дейінгі ең жақсы көрсеткіші - 1986 жылы төртінші орын алған.

âbelgium world cup 2018âçå¾çæç´¢ç»æ

Ал Англия құрамасы жеңіске жетсе өз елінен тыс жерде қол жеткізген үздік нәтижесі болмақ. Олар 1990 жылы төртінші орынға ие болған. 1966 жылы өз елінде өткен Әлем чемпионатында топ жарғанын да айта кетейік.

Бір қызығы, осы кезекті чемпионатта ең көп голды осы екі құрама соғып отыр. Бельгия құрамасының еншісінде 14 гол. Ал англиялықтар 12 гол соқты. Демек, бүгінгі ойында да көп гол соғылуы әбден мүмкін.

Бұдан бөлек, Бельгия футболшыларының көбі Бразилия жерінде өткен Әлем чемпионатына қатысқан. Бүгінгі қарсыластарына қарағанда тәжірибесі молдау.

Ресей жерінде Бельгия құрамасы Бразилия, Франция сынды азулы құрамалармен күш сынасты. Ал Англияның қарсыластары Колумбия, Швеция, Хорватия құрамалары болды. Салыстырмалы түрде Еуропаның «Қызыл сойқандары» қарсыластарына қарағанда үлкен сынақтан өтті.

âengland world cup 2018âçå¾çæç´¢ç»æ

Бельгия құрамасы өзінің барлық матчтарын 90 минутта аяқтады. Ал Англия екі ойында 120 минут доп тепті. Демек олар Бельгия футболшыларына қарағанда әлдеқайда шаршаңқы. Осы факторларға қарағанда бүгін Бельгия құрамасының жеңіске жету мүмкіндігі мол секілді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер