Бокс

Мырзағали Айтжанов: Азиадаға еліміздің дәл қазіргі таңдағы үздік боксшылары барады

Мырзағали Айтжанов: Азиадаға еліміздің дәл қазіргі таңдағы үздік боксшылары барады
news-banner7
mobile-news-top

Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов Джакартада өтетін Жазғы Азия ойындарына қатысатын құраммен таныстырған болатын.

Ал әуесқой бокстан ерлер арасында тек жеті-ақ медаль жиынтығы сарапқа салынады. Халықаралық әуесқой бокс қауымдастығы биыл Азиада бағдарламасынан 81, 91 және 91+ келі салмақ дәрежелерін алып тастаған.

49 келі – Теміртас Жүсіпов,

52 келі – Азат Махметов,

56 келі – Қайрат Ералиев,

60 келі – Саматәлі Төлтаев,

64 келі – Бекдәулет Ибрагимов,

69 келі – Асланбек Шымбергенов,

75 келі – Әбілхан Аманқұл.

- Бұл құрамды Астанада өткен Президент кубогының және басқа да халықаралық турнирлердің қорытындысы бойынша таңдап отырмыз. Азиадаға еліміздің дәл қазіргі таңдағы үздік боксшылары барады. Өкінішке қарай, биыл салмақтардың бірқатарын қысқартып тастады. Сондықтан, кемі екі медальдан айрылып отырмыз. Дегенмен, осы құраммен-ақ елге 4-5 медаль әкелеміз деген ойдамыз. Оның екеуі алтын болады деп отырмыз, - деп келтіреді Ұлттық құраманың бас бапкері Мырзағали Айтжановтың сөзін Рresidential Сlub сайты.

Айта кетейік, тамыздың 18-і мен қыркүйектің 2-сі аралығында өтетін Жазғы Азия ойындарына 45 мемлекеттен 10 мыңға жуық спортшы қатысады деп күтілуде. Спорттың 42 түрінен 476 медаль жиынтығы сарапқа салынбақ. Қазақстан құрамасы Джакартаға спорттың 38 түрінен 419 спортшы жібереді. Әбілхан Аманқұл Азиада ойындарының ашылу салтанатында көк туымызды ұстап, Қазақстан құрамасын бастап шығады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер