Томасов Instat бойынша «Астана» - «Сутьеска» кездесуінің үздік ойыншысы

Томасов Instat бойынша «Астана» - «Сутьеска» кездесуінің үздік ойыншысы
news-banner7
mobile-news-top
«Астана» Чемпиондар Лигасының алғашқы іріктеу кезеңінде черногориялық «Сутьесканы» қабылдап, 1:0 есебімен басым түсті, деп хабарлайды Prosports.kz елордалық клубтың ресми сайтына сілтеме жасап.
Ойыншылардың барлық статистикалық көрсеткіштерін есептейтін Instat мәліметтері бойынша Марин Томасов кездесу үздігі атанды.
31 жастағы хорватиялық футболшы аталмыш матчта қарсылас команда ойыншысынан ең көп рет айласын асыра білді. Екінші орында елорда командасының тағы бір жартылай қорғаушысы Серікжан Мужиков. Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы аталмыш матчта «Сутьеска» қақпасына 5 мәрте соққы бағыттаған. Үздік үштікті Марин Аничич қорытындылады. Босниялық қорғаушы ойынға қатысқан барлық ойыншылардың ішінен ең көп жекелей тартыста жеңіске жеткен футболшы.
Instat Index бойынша үздік бестік:
1 Марин Томасов 292
2 Серікжан Мужиков 267
3 Марин Аничич 259
4 Ласло Кляйнхайслер 246
5 Антонио Рукавина 240
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер