Beautiful Football
Әлем футболы

Келесі мундиальға баруы мүмкін ең егде футбол жұлдыздары

Келесі мундиальға баруы мүмкін ең егде футбол жұлдыздары
news-banner7
mobile-news-top

Әне-міне дегенше Ресейдегі футбол тойы соңына жақын. Бірер күндерден соң 2018 жылдың басты додасында қай құраманың бағы мен бабы келісіп, чемпион атанатынын білетін боламыз.

Ақтық сынға жалындап тұрған жастардан құралған Франция мен талай мықтыны сан соқтырған Хорватия құрамалары жолығады. Биылғы мундиаль тосынсыйларға толы болды. Фавориттер сүрініп, мықтылар ақсап қалған сәттер көп кездесті. Чемпиондық тәж жолында жарыстан ерте шығып қалған футболшылар Ұлттық құрамадағы мансабын аяқтап жатыр. Алайда кейбіреуі биыл болмаса, демек, 2022 жылы өтетін әлем чемпионатында бақ сынап көрмек. Сонымен қабыл алыңыздар, қазіргі таңдағы футбол жұлдыздары 2022 жылы өтетін әлем біріншілігі кезінде неше жаста болады екен?...

9. Польша құрамасының капитаны Роберт Левандовски 2022 жылы 33 жасқа келеді.

8. 2010 жылғы әлем чемпионы Серхио Рамос 36 жасында екінші мәрте чемпиондық тәжді киіп көруге тырысары анық.

7. Швеция футболының аңызы Златан Ибрагимович Ұлттық құрамадағы мансабын бір жыл бұрын аяқтап қойған. Алайда Ибрадан бәрін күтуге болады. Ол 2022 жылы небәрі 40 жаста болады ғой :)

6. Әлемнің ең шебер қорғаушыларының бірі - Марсело пентакампеондардың арманын 34 жасында орындап көрмек.

5. Биылғы мундиальдің ең күтпеген нәтижесін неміс мәшінесі тіркеді. Ресейге әлем чемпиондары ретінде келген Германия тіпті топтық кезеңнен шыға алмай қалды. Өз өздеріне ұқсамаған неміс құрамасының сапында Тони Крос қана жақсы өнер көрсеткен. Ол енді 32-ге келіп, осы жылы кеткен олқылықтың орнын толтырып көреді.

4. Уругвайдың көшбасшыларының бірі Эдинсон Кавани 2022 жылғы әлем чемпионаты кезінде 34 жаста болады екен.

3. Ресейдегі әлем чемпионатында төрткүл дүниені аузына қаратып, күтпеген нәтижесімен жанкүйерлерін қуанта білген алаң қожайындары болатын. Осы құрамада нешеге келсе де "қартаймайтын" бір футболшы бар. Ол - Сергей Игнашевич. Сергей аталған ТОП-тың ішінде 2022 жылы ең егдесі болады екен. Ол Катардағы әлем біріншілігі кезінде 42 жасқа толады.

2. Әлемнің үздік екі футболшысының бірі - Криштиану Роналду. Мундиальда Португалия құрамасын қанша сүйрегенімен 1/8 финалдан ары аса алған жоқ. Бұл Роналду үшін соңғы әлем біріншілігі болуы мүмкін. Дегенмен ешқашан қартаймайтын, әркез өзін жас сезінетін КриРо келесі әлем чемпионатына 37 жасында баруы мүмкін.

1. Әлемнің тағы бір үздік футболшысы - Лео Месси. 2014 жылы чемпиондық тәжді киюге сәл қалған Месси биыл Отанына ерте қайтамын деп ойламаса керек. Бірақ та Аргентина құрамасының ойынына қарап, кез келген жанкүйердің қарны ашығаны рас. Чемпиондықтан басты үміткерлердің бірі, тіпті, 1/8 финалдан өте алған жоқ. Ал жалғыз Месси жалғыздың шашы шықпас дегендей қолынан келгенін істегенмен, бұдан артыққа шамасы жетпеді.

Леоның Роналдуға қарағанда келесі мундиальға баруға мүмкіндігі жоғары. Себебі аргентиналық 2022 жылы 34 жаста болады. Нағыз толысып, тәжірибе жинаған кезде әлем чемпионы болып кетуі ғажап емес.

Міне, біздің 2022 жылғы әлем чемпионатына баруы мүмкін егде жұлдыздардың тізімі осындай. Сіз келісесіз бе? Келіспесеңіз ойыңызда төмендегі пікірге жазыңыз!!!

P.S. суреттер championat сайтынан алынды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер