«Астананың» бапкері мен Таңат Нөсербаев жазаланды

«Астананың» бапкері мен Таңат Нөсербаев жазаланды
news-banner7
mobile-news-top

Астанада өткен Қазақстан Қазақстан футбол федерациясы Тәртіпті қадағалау комитетінің отырысында «Астана» футбол клубының бас бапкерінің көмекшісі Григорий Бабаян мен «Тобыл» командасының шабуылшысы Таңат Нөсербаевты жазалау туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Ел біріншілігінің 17-ші туры аясында өткен «Тобыл» мен «Астана» арасындағы ойында төрешілер тарапына былапыт сөз айтқаны үшін Тәртіптік регламенттің 53-бабы бойынша «Астана» командасының бас бапкерінің көмекшісі Г. Бабаян бес матчке шеттетілді.

Сондай-ақ, сот-сараптамалық комиссиясының шешімі бойынша, қарсылас команданың ойыншысына қарсы дөрекі ойнағаны үшін «Тобыл» клубының шабуылшысы Таңат Нөсербаев алдағы үш ойынға қатыса алмайды.

Шымкент қаласында өткен «Ордабасы» мен «Қайсар» арасындағы ойында жанкүйерлер стадионда тез өртенгіш құралдарды пайдаланғаны үшін «Ордабасы» клубына 300 АЕК (721 500 теңге - авт.) көлемінде айыппұл салынды.

Айта кетейік, бұған дейін Әдеп комитетінің отырысында «Астана» футбол клубының спорт директоры Александр Коночкиннің клубтың ресми сайтында жарияланған мәлімдемесі қаралған болатын. Әдеп комитеті материалды талдап, Қазақстан футбол федерациясының Әдеп кодексінің 15-бабы бойынша Александр Коночкинге айыппұл салып, «Астана» футбол клубына ескерту жасады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер