Футзал

Қазақстан құрамасының футзалшысы FIFA 18 турнирінің финалына шықты

news-banner7
mobile-news-top

Футзалдан Қазақстан құрамасы мен «Жетісудың» ойыншысы Арнольд Кнауб FIFA 18 ойынынан Setanta Cup турнирінің негізгі кезеңіне жолдама алды.

Қарағанды облысында Кнауб іріктеуден сәтті өтті. Финалдық кезеңде футзалшы өзінің туған облысының атынан шығады. Ақтық кезең 13-15 шілде арасында Алматыда өтеді. Турнирдің жеңімпазы 2 миллион теңге алады.

Финалдық кезеңде қатысушылар 2018 жылғы әлем чемпионатының құрамаларымен ойнайды. Мұндағы басты айырмашылық – барлық ойыншылардың рейтингісі 85 болады.

Арнольд Кнаубтан бөлек, турнирдің финалына «Оқжетпес» футзалшысы Виталий Калмыков та жолдама алды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер