Әлем футболы

ӘЧ-2018. Ресейде көз жұмған блогер Назарбаев университетіне түскен

ӘЧ-2018. Ресейде көз жұмған блогер Назарбаев университетіне түскен
news-banner7
mobile-news-top

Ресейде отбасымен бірге жол апатынан қайтыс болған блогер Назарбаев университетіне түскен.

6 шілдеде Челябинск облысындағы Сим қаласы маңында жол-көлік апатынан қазақ блогері Сұңқар Килаж әкесі және немере ағасымен бірге қайтыс болған еді. Марқұмның досы Мәди Қуандық досы туралы естеліктерімен бөлісті, деп хабарлайды KUN.KZ.

Мәди Қуандықтың айтуынша, Сұңқар 2017 жылы Петропавлдағы Қазақ-түрік лицейін тәмамдап, Назарбаев университетінің дайындық тобына түскен. Оны 2018 жылы бітірді.

«Сұңқар қайғылы оқиғаның алдында Назарбаев университетінің бакалавриатына түскен», – деді Мәди.

Сол күні Сұңқар әкесі және немере ағасымен бірге Қазан қаласына Бразилия - Бельгия матчын тамашалауға бара жатқан.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер