Теннис

Үстел теннисінен дәстүрлі фестиваль өтеді

news-banner7
mobile-news-top

2018 жылдың 14-15 шілде күндері «Алау» мұзайдыны сарайында Астана күніне орай Үстел теннисі бойынша дәстүрлі фестиваль өтеді. Жарысқа Қазақстаннан, Ресейден және Өзбекістаннан келген 1000-нан астам кәсіби спортшы мен әуесқойлар қатысады.

14 шілдеде командалық және жұптық біріншілікте жүлдегерлер анықталады, ал 15 шілде күні жеңіс үшін келесі номинациядағы спортшылар күреске түседі: кәсіпқой, әуесқой, ардагерлер, жасөспірімдер және кадеттер, дене мүмкіндіктері шектеулі спортшылар.

Ойын алаңдары Халықаралық үстел теннисі федерациясының жабдықтар/жабдықтандыру Комитеті мақұлдаған үстел теннисіне арналған Donic Waldner Classic 25 және Double Happiness үстелдерімен жабдықталатын болады.

Қазіргі кезде төрешілер алқасына қаланың спорттық және еңбек ұжымдарынан өтінімдер түсіп жатыр, дене мүмкіндіктері шектеулі спортшылар үшін бөлек номинация құрылды.

www.alau.info сайтында реттемемен танысуға және өтінім формасын жүктеп алуға болады.

Үстел теннисінің фестивалі – «Алау» мұзайдыны сарайының жаппай қолжетімділік бағдарламасының жазғы жобасы.

Турнир 2014 жылдан бастап өткізіліп жатыр және осы уақыт ішінде Қазақстанда және одан тыс тұратын мыңдаған қатысушылардың жүрегін жаулап үлгерді.

Біріншіліктің мақсаты – Республикада үстел теннисін көпшілікке тарату және дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау, дене шыдамдылығын қалыптастырып, адамгершілік тәрбиесін арттыру.

2018 жылдың 14 шілде күні сағат 10:00-де «Алау» мұзайдыны сарайында үстел теннисінің дәстүрлі фестивалінің ашылу салтанаты өтеді. Көрермендер үшін кіру тегін.

Түпнұсқасы: olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер