Әлем футболы

Фабрегас ресми ақпаратты күтпей, Контемен қоштасып тастады

news-banner7
mobile-news-top

«Челсидің» жартылай қорғаушысы Сеск Фабрегес команданың бас бапкері Антонио Контеге алдағы уақытта сәттілік тіледі.

«Челси» Контенің қызметінен босатылғанын әлі ресми хабарлаған жоқ, бірақ Фабрегас қоштасып үлгерді.

«Мистер, Англия Премьер-лигасы мен Кубогындағы тағы бір жеңіс үшін рақмет. Басында саған өзімнің қажет екенімді дәлелдеу қиын болды, бірақ соңында мені мақтан тұттың деп үміттенемін. Болашақта сәттілік тілеймін», - деп жазды Фабрегас «твиттерде».

Енді Контенің орнына «Наполидің» бұрынғы бапкері Маурицио Сарри келеді деп күтілуде.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер