Еуропа Лигасы. «Тракай» мен «Ертіс» тең тарқасты

Еуропа Лигасы. «Тракай» мен «Ертіс» тең тарқасты
news-banner7
mobile-news-top

Еуропа Лигасының алғашқы кезеңі аясында литвалық «Тракай» өз алаңында керекулік «Ертісті» қабылдады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Литва жерінде өткен алғашқы ойында алаң қожайындары фаворит саналған. Алдын ала іріктеу сынында Уэльстің «Сефн Друидс» командасынан айласын асырған «Тракай» нағыз бабында еді. Алайда ойын барысында екі ұжымның бір-бірінен айырмашылығы сезіле қоймайды. Қос қақпа алдында бірнеше қауіпті сәттер болғанымен ойын барысында есеп ашылған жоқ.

Осылайша, жолдама мәселесі қарымта кездесуде шешілетін болды. Қос ұжым арасындағы екінші ойын келесі аптада Кереку қаласында өтеді.

Еуропа Лигасы. Бірінші іріктеу кезеңі

Гол: 86' Кисляк пенальтиден гол соға алмады

«Тракай» (Литва) - «Ертіс» (Қазақстан) 0:0

«Тракай»: Шведкаускас, Еременко, Нтика, Казлаускас, Билялетдинов, Осипов, Шиленас, Масензовас, Боровский, Чижас, Маразас;

Бас бапкер: Кибу Викунья.

«Ертіс»: Калмыков, Стаменкович, Кислицын, Кисляк, Гомес, Калинин, Шмидт, Есимов, Фонсека, Попадюк, Аврэмия.

Бас бапкер: Ойрат Садуов

Ескерту: 70' Аврэмия 75' Калинин

Бас төреші: Фабиу Верисиму

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер