Теннис

Уимблдон-2018: жартылай финалға шыққандар анықталды

Уимблдон-2018: жартылай финалға шыққандар анықталды
news-banner7
mobile-news-top

Лондон қаласында әлемдегі ең үздік теннисшілердің бәсекесі жалғасып жатыр. Уимблдон-2018 додасының ширек финалында испаниялық Рафаэль Надаль мен аргентиналық Хуан-Мартин дель Потро кездескен болатын.

Тартысты өткен матч 5 сағатқа созылды. Ал жеңімпаз деп Рафаэль Надаль танылды. Қорытынды есеп – 7:5, 6:7, 4:6, 6:4, 6:4. Міне, осылайша испаниялық теннисші жартылай финалда сербиялық Новак Джоковичпен жолығатын болды.

- Екінші сетте жеңілгеннен кейін жағдайдың қиындағанын түсіндім. Қарсыласым өте шебер ойнады және екеуіміз жоғары деңгейдегі теннисті көрсеттік деп ойлаймын. Сәтін салып соңғы партиялар менің пайдама шешілді, - деді Рафаэль Надаль кездесуден соң.

Айта кетейік, дәл осы Рафаэль Надаль іріктеу сындарында қазақстандық Михаил Кукушкиннан басым түсіп, жарыстан шығарып тастаған еді.

Түпнұсқасы: 24.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер