Кабананга «Астанаға» оралды

Кабананга «Астанаға» оралды
news-banner7
mobile-news-top

Конголық футболшы Жуниор Кабананга ресми түрде «Астанаға» оралды.

«Аль-Насрдың» ресми твиттеріндегі ақпаратқа сүйенсек, Кабананга елордалық клубқа жалға беріледі.

Айта кетерлік жайт, «Кабананга» 2015-2017 жылдар арасында «Астанада» ойнаған. Елордалық клуб сапында барлық турнирде 94 матч өткізіп, 37 гол мен 9 нәтижелі пастың авторы атанды.

29 жастағы шабуылшы биыл Сауд Арабиясының «Аль-Наср» клубына ауысқан болатын. Бұл клуб сапында алты матч өткізіп, төрт гол соқты.

2014 жылдан бері Конго ДР құрамасында өнер көрсетеді. 2017 жылы Африка ұлттарының кубогында үздік сұрмерген атанып, турнирдің символикалық құрамына енген еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер