Әлем футболы

Отандық блогер әлем чемпионатына барар жолда қаза тапты

Отандық блогер әлем чемпионатына барар жолда қаза тапты
news-banner7
mobile-news-top

Әлем чемпионатын тамашалауға бара жатқан Сұңқар Киллаж жантүршігерлік жол апатында отбасымен бірге қаза тапты. Отандық блогердің көлігі 6 шілде күні Мәскеу-Челябі жолында жүк көлігімен соқтығысып қалған. Бұл туралы Nur.kz жазды.

Соқтығысу нәтижесінде Сұңқар отырған көлік бірден жанып кеткен. Жол апатына түскен көліктің ішінде танымал қазақстандық блогердің болғаны жақын уақытта ғана белгілі болды.

Ол Youtube желісінде футбол ойындарына қатысты өз пікірлерімен аса танымал болып шықты.

Әлем чемпионатын өз көзімен көруге асыққан Сұңқар жантүршігерлік жол апатында әкесі мен бауырымен бірге көз жұмған.

ФоÑо: URA.RU

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер