Футзал

«Қайратқа» украиналық бапкер келді

news-banner7
mobile-news-top

Украиналық футзалдың аңызы Сергей Коридзе енді Каканың бапкерлік штабында жұмыс істейді.

Бұған дейін Коридзе мен Кака «Газпром-Юграда» бірге жұмыс істеген еді. Маман Украина құрамасы сапында елуден астам матч өткізген.

Мансабын үлкен футболда бастаған украиналық кейін футзалға ауысқан. «Локомотив», «Интеракс», «Дину», «Спартак-Щелково», «ТТГ-Югра», КПРФ, «Арбитраж» және ЦДКА сынды футзал клубтарында ойнады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер