Әлем футболы

Хорватия құрамасы алғаш рет әлем чемпионатының финалына шықты

Хорватия құрамасы алғаш рет әлем чемпионатының финалына шықты
news-banner7
mobile-news-top

Бүгін әлем чемпионаты жартылай финалы аясында Хорватия мен Англия кездесті.

Мәскеудегі «Лужники» стадионында өткен ойын 2: 1 есебімен хорваттардың пайдасына аяқталды.

Британдықтар ойынның алғашқы минутында гол соғып, қорғанысқа баса назар аударды. 68-минутта хорватиялықтардың шабуылшысы Иван Перишич сол аяғының сыртымен соққы бағыттап, есепті теңестірді.

Түркиялық төреші Джунейт Чакыр негізгі уақытқа үш минут қосты, бұл минуттарда да гол соғылмай, командалар қосымша тағы екі тайм ойнауға мәжбүр болды. 109-минутта Иван Перишич допты кенет баспен айып алаңына асырып, Марио Манджукич гол соқты.

Осылайша, Хорватия тарихында алғаш рет Әлем чемпионатының финалына шықты.

Англия енді 14 шілдеде Бельгиямен үшінші орын үшін алаңға шығады.

Ал 15 шілдеде Франция мен Хорватия футболдан 2018 жылғы Әлем чемпионатының жеңімпазын анықтайды.

Хорватия – Англия – 2:1

Голдар: Киран Триппьер (5), Иван Перишич(68), Марио Манджукич(109).

Құрамалар тізімі:

Хорватия: Субашич - Врсалько, Ловрен, Вида, Стринич - Брозович, Модрич, Ракитич, Перишич - Ребич, Манджукич.

Англия: Пикфорд - Уолкер, Стоунз, Магуайр, Триппьер - Янг, Лингард, Хендерсон, Алли, Стерлинг - Кейн.

Бас төреші: Джунейт Чакыр (Турция).

12 шілде. Мәскеу. «Лужники» стадионы.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер