Басқа

Азия ойындарына қатысатын қазақстандық гимнастар анықталды

Азия ойындарына қатысатын қазақстандық гимнастар анықталды
news-banner7
mobile-news-top

Көркем гимнастикадан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Әлия Юсупова Азия ойындарына қатысатын спортшылардың есімін атады, деп хабарлайды prosports.kz Олимпиада комитетінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Бас бапкердің айтуынша, қазақстандық гимнастар командалық есепте жүлдеге таласатын болады.

Джакартада өтетін Азия ойындарында көркем гимнастикадан ел намысын қорғайтын спортшылар:

Алина Әділханова

Адиля Тілекенова

Селина Жұматаева

Даяна Әбдірбекова

- Біз командалық есепте жүлдеге таласатын боламыз. Ал жекелей сындағы қарсыластар өте мықты. Алғашқы жарыс күнінде командалық жарыс өтеді. Осы сыннан соң жоғары ұпай алған екі гимнаст жекелей көпсайысқа қатысады, - дейді Әлия Юсупова.

Қазіргі таңда спортшылар өз қалаларында жаттығуда, ал 1 тамыздан бастап барлығы Шымкенттегі оқу-жаттығу жиынында бас қосады. Ұлттық құраманың көшбасшысы - Алина Әділханова.



Еске сала кетейік, Инчхондағы Азия ойындарында көркем гимнастикадан Қазақстан құрамасы командалық есепте қола жүлдегер атанған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер