русский язык

Әлем чемпионын поез қағып кетті

Әлем чемпионын поез қағып кетті

Самбодан әлем чемпионы Аслан Хатуховты Кабардино-Балкарияда темір жол бойында жаттығу жасап жатқан жерінде пойыз қағып кетті. Бұл туралы аталған республиканың ІІМ МБ хабарлады.

Хатухов біраз жүгіргеннен кейін пойыздар сирек жүретін темір жол бойындағы рельсте жаттығу жасайды. Үстіне спорттық киім киіп, құлағына құлаққап тағып музыка тыңдаған ол жақындап қалған пойызды байқамаған.

Алған жарақатынан чемпион оқиға орнында өмірден озды. Қазір полиция болған жағдайға байланысты тергеу жүргізуде.

Спортшы самбодан Ресей және әлем чемпионы, панкратионнан әлем чемпионы, қол күресінен Ресей чемпионы, Ресейдің әскери қол күресінде де топ жарды, сонымен бірге ол ADCC жүйесі бойынша бірнеше рет жеңімпаз атанды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;