Әлем футболы

Фернандо Торрес мансабын Жапония жерінде жалғастырады

Фернандо Торрес мансабын Жапония жерінде жалғастырады
news-banner7
mobile-news-top

Испаниялық атақты шабуылшы Фернандо Торрес мансабын Жапония чемпионатында жалғастыратын болды, деп хабарлайды prosports.kz.

Бұл туралы жапон J лигасында бақ сынайтын «Саган Тосу» клубы өзінің Twitter желісінде мәлімдеді. Онда жазылуынша, «Атлетико» ойыншысы «Саган Тосуға» еркін агент ретінде ауысып отыр. 34 жастағы футболшы жылына 800 млн жапон ақшасын алатын болады. Бұл мөлшермен 6,26 млн еуроны құрайды.

Естеріңізде болса, осыған дейін тағы бір испаниялық аңыз ойыншы Андрес Иньеста да Жапония жеріне ат басын бұрған еді.

签约仪å¼

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер