Ресми: Димитар Димитров «Ертіске» оралды

Ресми: Димитар Димитров «Ертіске» оралды
news-banner7
mobile-news-top

Павлодарлық «Ертіс» футбол клубы болгариялық маман Димитар Димитровпен ұзақ мерзімді еңбек келісімі жасалғандығы жайлы ресми түрде хабарлайды.

Құжат екі жарым жылға қарастырылған. Бұл туралы Павлодар қаласының орталық стадионында өткен баспасөз жиынында белгілі болды. Павлодар облысы футбол федерациясының президенті Ұлан Жазылбек БАҚ өкілдеріне «Ертіс» ФК жаңа бапкерін Димитар Димитровты таныстырды.

- Мен Димитарға сәттілік тілеймін. Оның футболдағы үлкен тәжірибесіне сенім артамыз. Біздің команданы жеңістерге әкеледі деген үміттеміз. Бұл ретте, ұзақ мерзімді келісім жасасқандығымыз екі жаққа да, жағымды әсерін тигізеді деген ойдамын, - деді Жазылбек.

Айту керек, болгариялық жаттықтырушы ағымдағы жылы «Лудогорец» ФК бас бапкері бола тұра, өз елінің жоғарғы лига чемпионы атанған еді. Павлодарлық клубта 2015-2017 жылдар аралығында қызмет еткен Димитров Ертіс бойындағы қалаға оралғандығына қуанышты екендігін жеткізді.

-Бастапқыда бізге оңай болмайтындығы анық. Жағдайды бірден жақсартатын ғажайып күшім жоқ. Келер жылы жүлделі орындарға таласамыз, ал биыл қиын болады. Шыны керек, мен жаңа жыл басына дейін демалып, кейін ғана жұмысқа кіріскім келіп еді. Дегенмен ұсыныс жасалғанда, Павлодардағы маған деген қарым-қатынастың қандай екендігін біле тұра, қазіргі жағдайдың қиын екендігін есепке ала отырып, қарсылық білдіре алмадым, - дейді Димитров.

Бапкердің айтуынша, қазіргі кезде ол селекциялық жұмысқа назар қояды.

Түпнұсқасы: «Ертіс» ФК баспасөз-қызметі Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер