Жаға ұстатты
Бокс

Шүменов Қазақстан кәсіпқой бокс федерациясын қатаң сынға алды

Шүменов Қазақстан кәсіпқой бокс федерациясын қатаң сынға алды
news-banner7
mobile-news-top

Бірінші ауыр салмақтағы WBA чемпионы Бейбіт Шүменов Астанада өткен бокс кешінен кейін Қазақстан кәсіпқой бокс федерациясын сынға алды. Бұл туралы Baq.kz ақпарат агенттігі жазды.

Екі салмақ дәрежесі бойынша әлем чемпионы атанған қазақстандық боксшының айтуынша, бұл ұйым кәсіпқой боксшылардың мәнсабына көмектеспейді, керісінше тосқауыл болып отыр.

«Бізде Қазақстан кәсіпқой бокс федерациясы деген тек атау ғана бар. Іс жүзінде олар ештеңемен айналыспайды, еш көмек жоқ. Керісінше 600 мың теңге төлеу керексіңдер дейді, не үшін екені түсініксіз. «Егер сіздер төлемесеңіздер, жекпе-жектің өтуіне рұқсат бермейміз. Өздерің өткізіңдер, біз кеттік» деп бізге сес көрсете бастады. Мен білмей қалдым, сөйтсем 585 мың теңге төлепті, алайда не үшін, мен түсінбедім.

Спортшыға лицензия алу үшін 100 доллар төлеу керек екен, алайда әлем бойынша мұндай жоқ. Олар мүлдем ақшасы болмай тұрып қалайша кәсіби мәнсабын жасай алады? Оның үстіне олардан 100 доллар сұрайды. Тіптен Американың өзінде стандарт 25 доллар. кәсіпқой бокстың астанасы Невада штатында – 50 доллар. Қазақстанда 100 доллар деген санды қайдан тауып алды? Мен түсінбедім!

Төрешілердің әрқайсысына 300 доллардан төлегендерін айтады. Бізде жергілікті төрт төреші жұмыс істеді. Бізден 585 мың теңгені төрешілерге береміз деген желеумен алып алды. Ал төреші Мақсат Асановқа: «Сен промоутердің туысысың, саған төлемейміз» депті. Тек өзге үш төрешіге ғана төлеген. Бұл не деген бассыздық?», - деп ашуланды боксшы.

Еске салсақ, 7 шілде күні Астанада Шүменов пен Хизни Алтункая арасында жекпе-жек өтіп, отандасымыз WBA титулын қайтарып алған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер