Бокс

Санчес: Альварес бізбен бірге баспасөз-мәслихатын өткізгісі келмейді

news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің бапкері Абель Санчес мексикалық Сауль Альвареспен рематч жайлы пікірін айтты.

«Бұл қызық болды. Ол жекпе-жек алдында бізбен бірге баспасөз-мәслихатын өткізгісі келмейді. Неге екенін білмеймін. Енді жекпе-жекті қалай алға жылжытамыз? Олар жекпе-жекке лайықты мәнермен сөйлемейді. Бұл біз үшін үлкен жекпе-жек. Бокстағы ең үлкен кездесу, жыл жекпе-жегі – бірінші текетіресті аяқтауымыз керек», - деді Санчес.

Айта кетейік, Головкин мен Альварес арасындағы рематч 15 қыркүйекте Лас-Вегаста өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер