Ауыр атлетика

Ауыр атлетикадан Азия чемпионаты Қазақстанда өтеді

Ауыр атлетикадан Азия чемпионаты Қазақстанда өтеді
news-banner7
mobile-news-top

Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында өткен Халықаралық ауыр атлетика Федерациясы Атқарушы комитетінің жиналысында Қазақстан 2020 жылғы Азия чемпионатын қабылдайтын болып шешілді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Жиналыс барысында 2020 жылғы Азия біріншілігін Қазақстанда өткізу жайлы келіссөздер жүргізілді. Дүбірлі додада ауыр атлеттер Токиода өтетін Олимпиада ойындарының жолдамасын сарапқа салады.

«Азия чемпионатын елімізде өткізу құқығын иеленгенімізбен сіздерді шын жүректен құттықтауға рұқсат етіңіздер және осындай маңызды іс-шараның жоғары деңгейде өтуіне қолдау көрсетіңіздер!», - делінген құттықтау хатында.

Әзірге Азия чемпионаты еліміздің қай қаласында өтетіні белгісіз. Бұл мәселе алдағы уақытта талқыланатын болады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер