Футбол деген бір ғажап!
Әлем футболы

Жанкүйерлер Неймарды мазақ етуде

Жанкүйерлер Неймарды мазақ етуде
news-banner7
mobile-news-top

Ресей жерінде өтіп жатқан Әлем чемпионатының басты фавориттерінің бірі Бразилия құрамасы ширек финалда Бельгия футболшыларына есе жіберіп, еліне ерте қайтқан болатын.

Бразилия құрамасының сапында доп тебетін әлем футболының жарық жұлдызы Неймар Ресейде елді есінен тандыратындай өнер көрсетті дей алмаймыз. Бойына біткен талантымен талай жанкүйердің жүрегін жаулаған Неймардың бір жаман әдеті бар. Жасыл алаңда жығылып-сүрінуі көп.

Дұрыс, оған қарсы ойын тәртібі көп бұзылады. Бірақ, Неймар өзі де асыра сілтеп жіберетіні шын. Қарсыласы аяғынан сәл қағып кетсе де жата қалып, алаңның ана басынан мына басына домалап шығады. Аяғын құшақтап алып зар жылағанда енді орнынан тұра алмайтын шығар деп қауіптенесіз. Алайда, төрешінің ысқырығынан кейін түк болмағандай тағы шауып жүреді.

âåé¬å°æåææ»âçå¾çæç´¢ç»æ

Осы жолғы чемпионаттың алғашқы төрт матчында Неймардың жерде аунап жатқан уақыты 14 минутқа жеткен. Бар болғаны 90 минуттық ғана ойын. Ал оның 1/10-ін Неймар жерде домалап жатып өткізсе, қалған 21 футболшыға өнер көрсететін жөнді уақыт та қалмайды.

Неймардың осы олқылығы әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр. Әлем жанкүйерлері оны мазақ етіп, алаңда домалаған сәтін қайталап, видеоға түсіріп жариялауда.

Мексикалық жанкүйерлер:

Кішкентай балақайлар да үлкендерден қалыспауда:

Ал мыналар болашақ футболшылар:

Бір жолда осынша көп адам:

è¿æ¶å¿â¦â¦

Тіпті, қарт әжей де қағыс қалмауда:

Мынау да айнытпай салыпты:

Ал мына тышқан мен итке не жоқ:

æ说è¿æ¯åé¬å°å¶çç

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер