Күрес

Қазақ балуандары Хорватияда бес қола жүлдеге қол жеткізді

Қазақ балуандары Хорватияда бес қола жүлдеге қол жеткізді
news-banner7
mobile-news-top

2-8 шілде Хорватияның Загреб қаласында күрес түрлерінен кадетттер арасында әлем чемпионаты өтті, деп хабарлайды prosports.kz сайты.

Алты күнге жалғасқан жарыста 63 елден келген жас балуандар бақ сынады.

Қазақстандық балуандар бұл турнирде бес қола медель жеңіп алды. Бұның төртеуін грек-рим күрес шеберлері алса, біреуі еркін күрес түрінен қатысқан балуанымызға бұйырды. Ал бұрымды балуандарымыз жүлделі орыннан көріне алмады.

Әлем чемпионаты-2018. Жүлдегерлер:

Бекзат Жалғасов (65 келі) — еркін күрес
Искар Курбаев (48 келі) — грек-рим күресі
Мерей Мәулетханов (51келі) — грек-рим күресі
Дінмұхамед Қошқар (55 келі) — грек-рим күресі
Вейсал Эюбов (71 келі) — грек-рим күресі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер