Ұлттық спорт

«Астана Кубогы» ат бәйгесі өтті

«Астана Кубогы» ат бәйгесі өтті
news-banner7
mobile-news-top

6 шілде күні Елорда төріндегі «Қазанат» ипподромында бәйге түрлерінен республикалық турнир жалауын көтерді.

«Астана кубогі» үшін өткен ұлттық спорт мерекесі екі қашықтық бойынша (аламан – 25 шақырым, бәйге – 16 шақырым) ұйымдастырылды. Бәйге түрлерінен «Астана кубогін» сарапқа салуға республикамыздың барлық облыстары, Астана және Алматы қалалары 2 жүйріктен қосты. 16 шақырымда 1 орынды Алматы облысының спортшысы Ақжол Жұматай алды, сәйгүлігі - Мұрагер. 2 орынды Лайт Энджл сәйгүлігімен қарағандылық Рахман Әлішер иеленді, үшінші орынды Алматы сәйгүлігімен Астана қаласының шабандозы Арнұр Құрванжан иеленді.

25 шақырымдық Аламан бәйгенің бірінші бас жүлдесін БҚО шабандозы Сәдуақас Бекзат иеленді, екінші орын қарағанды облысының атынан шыққан Ақжол Жұматайда, сәйгүлігі – Бұйражал, үшінші орынды алматылық шабандоз Оразалы Жорбек иеленді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер