Нұғманов «Ақжайыққа» жеңіс сыйлады
![Нұғманов «Ақжайыққа» жеңіс сыйлады](https://prosports.kz/upload/news/content/file_1385934945_86010056.jpg?v=28711696)
Допты хоккейден жоғары лига командалары арасында Ресей чемпионатының кезекті турында Оралдың «Ақжайығы» 30-ші қараша күні Қазанда жергілікті командамен мұз айдынына шықты.
«Динамо-Қазан-2» сапында Алексей Кичеев пен Рамиль Ибрагимов мергендік танытса, ойынның екінші кезеңінде «Ақжайықтың» капитаны Ескендір Нұғманов үш бірдей доп соқты. Сөйтіп оралдықтар 3:2 есебімен жеңіске жетті. Бұдан бұрынғы екі ойында Е.Нұғманов «Никельчиктің» (Верхний Уфалей) қақпасына үш гол соққан болатын.
Қазіргі кезде екінші топта «Ақжайық» алты ұпаймен екінші орында келеді. 1-ші желтоқсан күні батысқазақстандықтар Қазанның командасымен қарымта кездесуін өткізеді.