Командалық

Қазақстандық спортшылар 2018 жылы қандай ірі жарыстарға қатысады

Қазақстандық спортшылар 2018 жылы қандай ірі жарыстарға қатысады
news-banner7
mobile-news-top

Биыл 18 қыркүйек пен 2 қазан аралығында Джакарта қаласында Азия ойындары өтеді. Сары құрлықтың сайыпқыран спортшылары үшін жылдың ең маңызды бәсекесі осы болары сөзсіз, деп жазады prosports.kz.

Қазақстандық спортшыларды Азия ойындарынан бөлек бәсі жоғары Әлем чемпионаттары да күтіп тұр. Осы орайда, Олимпиада комитетінің ресми сайты биыл олимпиадалық спорт түрлерінен өтетін әлем чемпионаттарының күнтізбесін дайындаған екен.

Семсерлесуден әлем чемпионаты

Өтетін орны: Уси, Қытай

Уақыты: 19-27 шілде

Семсерлесуден әлем чемпионатында 12 медальдар жиынтығы сарапқа салынады. Олардың ішінде 6 бағдарлама ерлерге, 6 бағдарлама әйелдерге тиесілі.

Волейболдан ерлер арасындағы әлем чемпионаты

Өтетін орны: Италияның 6, Болгарияның үш қаласы: Рим, Флоренция, Русе, Бари, Варна, Ассаго, Турин, София, Казалеккьо ди Рено.

Уақыты: 9-30 қыркүйек

Әлем чемпионатына 24 команда қатысады. Өкінішке қарай, Қазақстанның ерлер құрамасы жолдамасыз қалды.

Волейболдан әйелдер арасындағы әлем чемпионаты

Өтетін орны: Жапонияның 6 қаласы: Иокогама, Саппоро, Кобе, Хамамацу, Нагоя, Осака.

Уақыты: 30 қыркүйек – 21 қазан

Волейболдан әйелдер арасындағы әлем чемпионатына жалпы есебі 24 команда қатысады. Олардың қатарында Қазақстан құрамасы да бар. Біздің құрама жеребе бойынша D тобында өнер көрсетеді.

Күрес түрлерінен әлем чемпионаты

Өтетін орны: Будапешт, Венгрия

Уақыты: 22-28 қазан

Әлем чемпионатында еркін күрес, еркін стильдегі әйелдер күресі және грек-рим күресінен жалпы есебі 24 жүлде жиыны сарапқа салынады. Аталған сынға Қазақстан құрамасының балуандары да қатысады.

Дзюдодан әлем чемпионаты

Өтетін орны: Баку, Әзірбайжан

Уақыты: 20-27 қыркүйек

Дзюдодан әлем чемпионаты жыл сайын өтеді. Тек Олимпиада ойындары өтетін жылы ғана біріншілік өткізілмейді. Бакуде 16 жүлделер жиынтығы өз иесін таппақ.

Каратэден (WKF) әлем чемпионаты

Өтетін орны: Мадрид, Испания

Уақыты: 6-11 қараша

Жақында ғана Олимпиада бағдарламасына енген каратэден әлем чемпионаты Мадридтегі 15 мың адам сиятын спорт кешенінде өтеді. Тап осы чемпионатта Токио Олимпиадасына жолдама таратылады.

Ауыр атлетикадан әлем чемпионаты

Өтетін орны: Ашхабад, Түркменстан

Уақыты: 1-10 қараша

Ашхабадта ерлер арасында 84-ші, әйелдер арасында 27-ші әлем біріншілігі өтеді. Аталған дода Токио Олимпиадасына жолдама беретін алғашқы жарыс болып саналады.

Көркем гимнастикадан әлем чемпионаты

Өтетін орны: София, Болгария

Уақыты: 10-16 қыркүйек

Спорттық гимнастикадан әлем чемпионаты

Өтетін орны: Доха, Катар

Уақыты: 12-28 қазан

Тас жолдағы велоспорттан әлем чемпионаты

Өтетін орны: Инсбурк, Австрия

Уақыты: 12-30 қыркүйек

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер