Бокс

IBF белдігін сарапқа салатын жекпе-жектің қашан өтетіні анықталды

IBF белдігін сарапқа салатын жекпе-жектің қашан өтетіні анықталды
news-banner7
mobile-news-top

Халықаралық бокс федерациясы (IBF) дәл қазіргі сәтте бос тұрған орта салмақ дәрежесіндегі чемпиондық белдіктің жаңа иегері қашан анықталатыны белгілі болды, деп хабарлайды prosports.kz сайты.

Бұл атаққа аталған ұйымның рейтингісінде бірінші және үшінші орында тұрған украиналық Сергей Деревянченко (12-0, 10 КО) мен бұрынғы әлем чемпионы, америкалық боксшы Дэниэл Джейкобс (34-2, 29 KO) таласатын болады.

ESPN деректері бойынша, жекпе-жек 27 қазанда Нью-Йорктегі Madison Square Garden-да өтеді.

Естеріңізде болса, IBF бұл титулды отандасымыз Геннадий Головкиннен (38-0-1, 34 КО) алып қойған еді. Себебі, GGG өзінің міндетті қарсыласы Сергей Деревянченкомен кездесуге келіспеген болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер