русский язык

«Еуразия Барысына» кімдер қатысады?

«Еуразия Барысына» кімдер қатысады?

Желтоқсанның 7-і күні қазақша күрестен Тараз қаласында өтетін халықаралық  «Еуразия Барысы» турниріне қатыстан барлық спортшылар анықталды.

Сегіз елдің спортшылары намысты ортаға салмақ. Олар:  Қазақстан, Ресей, Тәджікстан, Қытай, Полша, Түркия, Иран және Монголия. 

Жарыстың жүлде қоры да қомақты - 100 мың АҚШ доллары. Сайыстар 60, 70, 80, 90, және 90-нан аса келі салмақ дәрежелері бойынша өрбиді. Дүбірлі дода телеарналар арқылы әлемнің 120 елінде көрсетілмек.

Қазақстан құрамасы атынан Абзал Арыстанбеков (60 келі), Ерлан Естек (70 келі), қарағандылық Ерсін Мухаметжанов (80 келі), семейлік Мухит Тұрсынов (90 келі) пен атақты Бейбіт Ыстыбаев өнер көрсетеді.
 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;