Хоккей

«Барыстың» фарм-клубы маусымға дайындыққа кірісті

«Барыстың» фарм-клубы маусымға дайындыққа кірісті
news-banner7
mobile-news-top

«Барыс» хоккей клубының фарм-клубы «Снежные барсы» командасы жаңа маусымға дайындық жоспарымен таныстырды, деп хабарлайды Prosports.kz «Астана» Президенттік кәсіби спорт клубының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жастар хоккей лигасына қатысатын «Снежные барсы» жігіттері жоспарлы медициналық тексерістен өтіп, жаттығуға кірісіп те кетті.

Қазір бас бапкер бас-аяғы 42 жас хоккейші сүзгілеуден өткізіп жатыр. Шілденің 20-сына дейін команда Астанада мұз айдыны мен фитнесс залдарында жаттығады.

21 шілде күні Қарағандыда «Теміртау» хоккей клубымен жолдастық кездесу күтіп тұр.

Тамыздың 1-і мен 5-і аралығында Сергей Старыгин шәкірттері Новосибирскідегі Белосоховты еске алуға арналған дәстүрлі турнирге қатысып, «Сибирские снайперы», «Омские ястребы», «Тюменский легион» және «Кузнецкие медведи» командаларына қарсы ойнайды.

Тамыздың 15-і күні «Алтаймен» жолдастық-бақылау кездесуін өткізіп, 21-25 тамыз аралығында «Снежные барсы» Тольяттиде өтетін Захаров кубогында «Ладья», «Мамонты югры», «Дизелисты» және «Спутникпен» бірге бір турнирге қатысады.

Одан кейін Астанаға оралып, маусымға дайындықты аяқтайды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер