Баскетбол

Баскетболдан Қазақстан ұлттық құрамасы бірінші іріктеу кезеңін аяқтады

news-banner7
mobile-news-top

Баскетболдан Қазақстан ұлттық құрамасы 2019 жылғы Әлем чемпионаты бірінші іріктеу кезеңінің соңғы ойынын өткізді, деп жазады «Астана» Президенттік клубының баспасөз қызметі.

Азияның алпауыт құрамаларының бірі Иранмен кездескен біздің жігіттер 56:88 (6:31, 25:14, 9:20, 16:23) есебімен ұтылып қалды. Ал «D» тобының екінші кездесуінде Ирак баскетболшылары катарлықтарды 84:79 есебімен тізе бүктірді.

Жалпы, ойынды нашар бастап, бірінші кезеңнің қорытындысы бойынша 9:31 есебімен есе жібергеніне қарамастан жерлестеріміз қысқа үзілістен кейін ес жиғандай көрінген. Таблодағы көрсеткішті де аздап жақсарта алған. Алайда, үлкен үзілістен кейін тізгінді қайта парсы баскетболшыларының қолдарына беріп қойды.

Дегенмен, бұл жеңіліске қарамастан жерлестеріміз ақпан айында-ақ Азия/Мұхит аралдары аймағының екінші іріктеу кезеңіне өтіп қойған. Бірақ, ұпай қай ойында болмасын маңызды еді. Себебі, бірінші кезеңдегі ұпай келесі кезеңде де сақталады.

Айта кетейік, бұл ойында «Астана» баскетбол клубының алты ойыншысы алаңға шықты. Ал екінші кезеңде жерлестеріміз «F» тобында өнер көрсетеді. Бірінші кезеңдегі 8 баллымызды қосқанда әзірге төртінші орында тұрмыз. Алдымызда Аустралия (11 балл), Иран (11) және Филиппин (10) құрамалары.

Екінші іріктеу кезеңіндегі алғашқы кездесуін жерлестеріміз өз алаңында 13 қыркүйек күні Жапонияға қарсы өткізеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер