Баскетбол

Екі Кореяның баскетболшылары достық матчын өткізеді

news-banner7
mobile-news-top

Баскетболдан Оңтүстік Кореяның ерлер мен әйелдер командасы жолдастық кездесу өткізу үшін Сеулден Пхеньянға барды. Бұл туралы 24.kz жазды.

Спортшыларды Корей Халық Демократиялық Республикасына әскери әуе күштерінің екі ұшағы апарды. Ойын алдында Оңтүстік Кореяның Солтүстік Корея істері жөніндегі министрі Чо Мион Гион Солтүстік Кореяның спорт және мәдениет вице-министрі Вон Киль Умен кездесті.

4-5 шілдеде өтетін достық ойыны 1972 жылы бекітілген екі елдің бірігу жайлы келісіміне арналады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер