Бокс

Оскар Де Ла Хойя: Канелоның қолынан бәрі келеді

news-banner7
mobile-news-top

Сауль Альварестің промоутері Оскар Де Ла Хойя өз клиентінің қазақстандық Геннадий Головкинге қарсы рематчы жайлы пікірін айтты.

«Сауль жұдырықтасып, қозғала алады... Олар қолынан бәрі келетін боксшы, қалай жұдырықтасу керегін біледі. 15 қыркүйекте ол Головкиннен үздік екенін оған дәлелдейді. Альварес басқаша қалыпта бола ма? Жылдамырақ, мықтырақ бола ма? Иә! Канелодан ондайды ешкім күтпейді деп ойлаймын. Головкиннің қолынан не келетінін бәріміз білеміз: ол алға ұмтылып, шабуылдай береді. Болды. Канелоның қолынан бәрі келеді», - деді Альварес.

Айта кетейік, боксшылардың рематчы 15 қыркүйекте Лас-Вегаста өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер