русский язык
Хоккей

«Қазцинк-Торпедо» хоккей клубы «Кубаньмен» кездеседі

«Қазцинк-Торпедо» хоккей клубы «Кубаньмен» кездеседі

Бүгін Өскемендік «Қазцинк-Торпедо» хоккей клубы өз алаңда «Кубань» (Ресей, Краснодар) командасын қабылдайды.

Биылғы чемпионат аясында командалар екінші рет кездескелі отыр. Бұған дейін Краснодар қаласында өткен ойында «Қазцинк-Торпедо» өз қарсыласына 3:6 есебімен жол берген болатын. Бұл ойын аптаның ең қызықты матчы атанған. Себебі екі команда да Жоғары хоккей лигасының үздік құрамалары болып саналады. Бүгінде «Кубань» 48 ұпаймен жалпы турнир кестесінде екінші орында тұр. Ал Өскемендіктер осы уақытқа дейін барлығы 46 ұпай жинап, бесінші орында келеді. «Қазцинк-Торпедо» бүгінгі ойында жеңетін болса, бірден екінші орынға шығады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;