Ричард Алмейда: «Астанамен» бірге тағы да Чемпиондар лигасында ойнағым келеді

Ричард Алмейда: «Астанамен» бірге тағы да Чемпиондар лигасында ойнағым келеді
news-banner7
mobile-news-top
Елорданың «Астана» командасы футболдан Әзербайжан құрамасының жартылай қорғаушысы Ричард Алмейдамен келісімшартқа отырды.

Ричард Қазақстанға келгендегі ең алғашқы сұхбатында өзінің таңдауы және Қазақстан чемпионатындағы мақсаты туралы әңгімелеп берді.

- Осыдан екі апта бұрын «Астанадан» шақырту алдым. Ұсыныс маған және менің отбасыма қазықты әрі тиімді болды. Сондықтан,бірден келісімімді бердім. Мен «Астана» командасына Чемпиондар лигасында ойнауға және Қазақстан чемпионы атану үшін ауыстым.

- Әзербайжандық БАҚ өкілдері Сізге Түркия, Грекия, Италия елінің командалары қызығушылық білдіргенін жазып жатты. Осы орайда басқа командаларды емес, не үшін «Астананы» таңдадыңыз?

- Дұрыс айтасыз, маған бірнеше шетелдік командалардан ұсыныс түсті. Бірақ менің отбасым және менеджерім маған «Астана» сапында ойнаған тиімдірек екенін айтты. Сондықтан Қазақстанға келуге шешім қабылдадым.

- «Астана» командасына ауысар алдында өзіңізге қандай мақсат қойдыңыз?

- Мен бұған дейін Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде доп тептім. Енді «Астана» сапында Еуропаның клубтар арасындағы ең үздік турнирінде ойнағым келеді. Әрине, аталған турнирдің топтық кезеңіне біз бірден түсе салмаймыз. Алдымызда іріктеу кезеңі күтіп тұр. Осындай жауапты кездесулерде командама мейілінше көмек беріп, топтық кезеңге шығуға және Қазақстан чемпионатында топ жаруға тырысамыз.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер