Beautiful Football
Әлем футболы

Аты аңызға айналған қақпашы Неймарды аяусыз сынап тастады

Аты аңызға айналған қақпашы Неймарды аяусыз сынап тастады
news-banner7
mobile-news-top

Дания құрамасының бұрынғы қақпашысы Петер Шмейхель бразилиялық жұлдыздың алаңдағы әрекеттерін сөгіп тастады. Оның айтуынша, Неймар құлап қалса жаны шығып кетердей болып жата қалады.

- Мен оның қылығын кәсіби футболшы үшін өте ұят деп қана айта аламын. Фифа бұл оқиғаларға қатысты шара қолдануы керек. Әлеуметтік желідегі жазылған пікірлердің басым көпшілігі Неймардың әрекетіне наразы болып шықты. Расымен, ол құлап қалғанда өліп қалардай болып көрінді, - деп айтты Шмейхель.

Даниялық қақпашы футбол федерациясына Неймарға қатысты қолдануға болатын шараны ұсынды. Оның айтуынша, бразилиялық футболшыға алдымен ескерту жасап, өтірік құлап қалуды қоймаған жағдайда алаңнан қууға керек.

Түпнұсқасы: nur.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер