Теннис

Михаил Кукушин АТР рейтингінде 13 сатыға жоғарылады

Михаил Кукушин АТР рейтингінде 13 сатыға жоғарылады
news-banner7
mobile-news-top

Истбурндегі турнирде жартылай финалға дейін жеткен қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин АТР рейтингінде бірден 13 орынға жоғарылады, деп хабарлайды Ұлттық Олимпиада комитетінің баспасөз қызметі.

Жаңартылған рейтингте Кукушкиннің соңғы жарыстағы көрсеткіші есепке алынып, ол 77-ші орынға көтерілді.

Рейтингтің бірінші орынында Рафаэль Надаль, екінші сатыда Роджер Федерер, үшінші орында Александр Зверев деп тұр.

Еске сала кетейік, Кукушин Истбурнде Ұлыбританияның бірінші ракеткасы Кайл Эдмунды жеңген болатын. Әзірге, Кукушкин ТОП-100 қатарына енген жалғыз қазақстандық теннисші.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер