русский язык

Арулар доп тепті (Фото)

Арулар доп тепті (Фото)

Халықаралық СПИД-ке қарсы күрес күні Алматының жоғарғы оқу орындары арасында кіші-футболдан турнир ұйымдастырылды. Жарыстың ашылу матчында Қазақстанның ең сұлу арулары журналситерге қарсы ойнады.

Былтыр кербез сылқымдар қылқалам шеберлерін 2:1 есебімен ұтқан болатын.  Бұл жолы тыңғылықты дайындықпен келген журналис арулар сұлу қыздар қақпасына  жауапсыз 4 гол соқты. Хабар Агенттігінің тілшісі Еркежан Нурпейісова хет-трик авторы атанса, тағы бір голды атына Диляра Азанбекова жазды.

Айтпақшы Оралдың ең сұлу аруы Махаббат Тәкішева Дзюдодан спорт шебері болып шықты. Алаңда капитан рөлін атқарған Махаббат қыз матчтың қиын болғанын алға тартты.

Ұйымдастырушылар мұндай жарыстарды жылда өткізбек. Тағы бір айта кетер жайт, "Мисс Қазақстан - 2013" арулар сайысы желтоқсанның 5-і күні өтеді. 

 

 
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;